Тоқаев билік транзиті туралы айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде басталған реформалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл бұрын болған тарихи оқиға туралы мәлімдеме жасады.

«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер ұрсұлтан Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы-Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады», – деп жазды Тоқаев Твиттерде.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан президенті қызметіне кірісті. 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан болатын. 

Президенттің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында болды. Тоқаев қазақстандықтардың 70,96% даусын жинады. Бір жылдағы екінші инаугурация 2019 жылдың 12 маусымында болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз