Тоқаев бас прокуратура, ҰҚК және ІІМ басшыларымен кеңес өткізді
Қысқа сілтеме алу
Қазақстап президенті заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.
Жиынға бас прокуратураның, ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқық қорғау ведомстволарының жұмысы, заңнамалардың сақталуын қадағалау туралы есеп берілді.
«Қазақстап президенті заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында құқық қорғау органдарының жауапкершілігі жоғары екенін айтты», — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап, созылып бара жатқан коронавирус пандемиясы кезінде олардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасаудағы күштік құрылымдардың рөліне тоқталды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Мәсімовке тапсырма берді
Сонымен қатар жүргізіліп жатқан саяси реформалар барысында заңнама нормаларының реформалануы жөнінде жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
sputniknews.kz