Тоқаев Ақордада бас прокурормен кездесті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бас прокурор мемлекет басшысына ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Бас прокурор Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ол төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. 


©
Photo : Ақорданың ресми сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Бұдан бөлек, Қазақстан президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.  

«Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты», — деп хабарлады Ақорда. 

Кездесу соңында мемлекет басшысы бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.



sputniknews.kz