Тоқаев Алматы, Шымкент және 12 облыстың әкімдерін қызметте қалдырды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Шымкент және 12 облыстың әкімдерін қызметінеде қалдырды. Тоқаевтың жарлығы 17 маусымда Ақорда сайтында жарияланды.

Тоқаев жарлығымен мына әкімдер қайта тағайындалды:

  • Бауыржан Байбек — Алматы қаласының әкімі;
  • Ғабидолла Әбдірахымов — Шымкент қаласының әкімі;
  • Ермек Маржықпаев — Ақмола облысының әкімі;
  • Оңдасын Оразалин — Ақтөбе облысының әкімі;
  • Амандық Баталов — Алматы облысының әкімі;
  • Нұрлан Ноғаев — Атырау облысының әкімі;
  • Асқар Мырзахметов — Жамбыл облысының әкімі;
  • Ерлан Қошанов — Қарағанды облысының әкімі;
  • Архимед Мұхамбетов — Қостанай облысының әкімі;
  • Қырымбек Көшербаев — Қызылорда облысының әкімі;
  • Болат Бақауов — Павлодар облысының әкімі;
  • Құмар Ақсақалов — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
  • Өмірзақ Шөкеев — Түркістан облысының әкімі;
  • Даниал Ахметов — Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

13 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті Астана қаласы әкімі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған. Көлгінов бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі болған. Тоқаевтың жарлығымен Көлгіновтің орнына Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімі болып тағайындалды. Ал Серікбай Тұрымов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне барған.

«Қазақстан президенті туралы» заңға сай, жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілетін тоқтатады.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері де қызметін тоқтатады

Azattyq