Тойда екі жастың дастарханына секірген жігіт қонақтарды шошытты (ВИДЕО)

0

Тойда күйеу жігіт пен қалыңдықтың дастарханына секірген жігіттің видеосы тарап, көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі kazakh_video тобында жарияланған.

Кадрдан ойынға шыққан бес азаматты, асабының бұйрығымен екі жасқа жүгірген қатысушыларды байқауға болады.

Жеңілгісі келмеген жігіттің бірі «мәре сызығына» жақындағанда, екі жастың дастарханына тура секірген.

Мұны көрген желі оқырмандары «ұят», «өз абыройын шашып не көрінді», «күннен-күнге не болып бара жатыр», «арақты ішу осыған апарады» деген сынды пікірлерін жаудырған.

Олардың арасында «бәріне кінәлі асаба» деп жазғандар да табылды