Тоғызыншы сынып оқушысы 50 жастағы адамға тұрмысқа шықпау үшін өзіне қол салды

0

Оқушы қыз езидтер отбасынан, бұл халықтың дәстүрі бойынша қыздар 16 жастан тұрмысқа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Екатеринбург қаласындағы мектептердің бірінің 16 жастағы оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.

Оқушы қыздың ата-анасы оны 50 жастағы Омбы қаласының тұрғынына тұрмысқа бермек болады. Бұл шешімге қарсы болған қыз өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды ресейлік sib.fm порталы.

Свердлов облысының тергеу органдары «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Көз жұмған оқушы езидтер отбасынан, бұл халықтың дәстүрі бойынша қыздар 16 жасында тұрмысқа шығады. Қыздың ата-анасы бір-екі күн бұрын Омбы қаласына барып, 50 жастағы күйеу жігітпен сөйлесіп қайтқан.

Тағы оқыңыз: 77 жастағы белгілі тележүргізуші тұрмысқа шыққалы жатыр

БАҚ-тың хабарлауынша, бойжеткен тоғызыншы сыныпқа дейін жақсы оқыған, бірақ тұрмысқа шығатын болғандықтан оқуын тастауға тура келіпті.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл ақпаратты тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.



sputniknews.kz