Тестілеу орталығының басшысы ҰБТ-да респираторлық бетперделерді кимеуді ұсынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов респираторлық бетпердені 4,5 сағат тағып отырған. Ол тыныс алу қиын екенін мойындады, ал бетінде із қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дидар Смағұлов

«Биыл ҰБТ-да дезинфекциялық бақылаудың бес шарасын енгіземіз: «туннель» арқылы өту, аяқ киімді арнайы өңдеу, қолды санитайзермен өңдеу, термоконторль және бетперделер ұсыну. Бес-алты сағат отыруға болатын респираторлық маскалар бар. Шынымды айтсам, респираторлық бетперде киіп 4,5 сағат отырдым. Маған дем алу қолайсыз болды, бетімде іздер қалды. Бір реттік қолданатындарды ұсынған дұрыс деп шештік. Респираторлық та болады, бірақ бір реттік қолдану әлдеқайда ыңғайлы болады», — деді Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушыларға Дидар Смағұлов.

Оның сөзінше, биыл 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді. 25 тамызға дейін барлық бейнежазбаларды ережелерді бұзу бойынша қайта қарауы мүмкін.

 

 

 

 

stan.kz