Теміртау әкімі коронавирустан емделді — Қазақстан жаңалықтары

0

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирустан айығып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазір Ғалым Әшімовтың жағдайы алаңдатушылық тудырмайды. Соңғы жасалған ПТР-тесттің нәтижесі коронавирустың бар екенін көрсетпеді. 15 маусымда әкім жұмысқа қайта кіріседі. Оның денсаулығына байланысты демалысы жақында аяқталады», — деп мәлімдеді қала әкімдігі. 

Еске салайық, шенеуніктің індетке шалдыққаны жайлы 2 маусым күні белгілі болған деі. Бұл ақпаратты Теміртау қаласының әкімдігі растапты. Ол емді ауруханада емес, үйінде жатып қабылдапты. Себебі науқастың бойынан коронавирус белгілері байқалмаған. 

Кейіннен симптомсыз науқастарды ауруханаға жатқызудың қажеті жок екені жайлы Қарағанды облысының тауарлар мен қызметкеррдің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеген. 

 

stan.kz