Тек педиатр жұмыстан шығарылған: Желшешектен көз жұмған баланың ісіне жауапты адамдар ескертумен құтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында желшешекке шалдығып, артынша дәрігерлердің салғырттығы кесірінен көз жұмған үш жасар бала Ваня Михалкиннің ата-аналары оқиғаға жауапты ақ халаттыларға тиісінше жаза тағайындалмады деп наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 марқұм

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында желшешекке шалдығып артынша көз жұмған бүлдіршін жайлы айтылған еді. Марқұмның әке-шешесі қайғылы жағдайға аурухана мен жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлі деп айыптаған. 

Аталған оқиғаға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов араласып, тексеріс комиссиясын құру туралы тапсырма берді. 

13 қаңтар күні облыс әкімі Амандық Баталов бұйрығымен комиссия Ваня Михалкиннің өлімін байланысты тексеріс шарасын бастапты. 

Тәуелсіз сарапшылар аталған оқиғаға байланысты бірқатар қателіктер әрекеттерін анықтапты. Атап айтсақ: жедел жәрдем қызметкері Гүлнұр Күлкешова алғашқы рет келгенде баланың ата-анасына оның қиын жағдайына байланысты учаскелік дәрігерді шақыртуға кеңес бермеген; хабардан кейін келіп жеткен фельдшер Мирас Бажанов отбасының жедел жәрдемді осымен екінші рет шақырғанын ескермеген, сол себепті науқасты жағдайына дұрыс баға берілмеген: бұған қоса ол жергілікті емханаға баланың ауруға шалдыққаны жайлы ешнәрсе айтпаған; учаскелік дәрігер Айгерім Жақсыбаев баланың нашар күйін ескермей, алғашқы емді қайта тағайындаған, ол баланы дереу ауруханаға жатқызу керек деп айтпаған. Тіпті, сол бағыттағы дәрігерлерге көріну керек деген нұсқаулық та берілмеген; Қарасау аудандық ауруханасының дәрігерлері тиісті мамандарды шақырып, баланың жағдайын қарауды қолға алмаған; олар еш негізсіз науқасты басқа ауруханаға жібере салған. 

Егер бүлдіршін ауруханада қалып емделетін болса, оның өмірін сақтап қалуға мүмкін болатын еді деген тоқтамға келді сарапшылар. Ваня қаланың екінші жартысында орналасқан ауруханаға жіберілгендіктен, ол комаға түсіп, артынша жан тапсырған. 

Сондай-ақ анестезиолог-реаниматолог дәрігер баланың мүшкіл халін одан сайын ушықтырғаны анықталып отыр. Ваня Михалкин бауыр жеткіліксіздігінің (Рей синдромы) себебінен көз жұмған деп көрсетіліпті сарапшылардың тексеріс құжаттарында. 

Аталған жағдайға байланысты мынадай шаралар іске асырылған: Қарасай ауданының орталық ауруханасының директоры Ербол Сәрсембаевтың, оның орынбасыры Бақыт Жәмековтың лауазымыдары төмендетілген; аурухананың  дәрігерлік амбулаториясының жетекшісі Ағайша Саринаға, диспетчерлер Жансая Жаңабаева мен Аяна Өтеуловаға және Алматының жергілікті балалар клиникалық ауруханасының директоры Роллан Нұрбаевқа қатаң ескерту жарияланған. Олармен бірге ескерту сол аурухананың директор орынбасары Ержан Әліби мен кезекші дәрігер-хирурн Раушан Кочероваға жасалған; Жамбыл ауылының учаскелік педиатры Айгерім Жақсыбаева қызметінен шеттетілген. 

Атап кетерлік жайт, қайғылы жайтқа байланысты тағы да бірқатар дәрігерлер жауапкершіліктен құтылып кеткен көрінеді.  Олар: «Облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек» КММ-нің бірінші жетекшісі Қанат Қалдыбаев пен оның қол астындағы қызметкерлер. 

Басылымның атап өтуінше, комиссияның құрамында болған Алматы облысы тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бас маманы Гүлнәр Қуатбекова Қанат Қалдыбаев жары екен. Осыған байланысты оның жауапкершіліктен жалтаруы таңқаларлық жайт емес деп жазыпты «Время» басылымы. 

 

 

stan.kz