Тәулік ішінде COVID-19 белгісі жоқ 357 жағдай тіркелді

0

Қазақстан бойынша коронавирус індетінің белгісі жоқ 1 044 адам анықталғанымен, олар жалпы статистикаға енгізілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Елімізде өткен тәулік ішінде 183 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,5% құрады.

Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында анықталды. Облыста 15 адамның індет жұқтырғаны расталып, көрсеткіш – 6,2 процентті құрады.

  • Нұр Сұлтан қаласы — 38 (1,6%);
  • Алматы қаласы — 29 (1,0%);
  • Қарағанды облысы — 24 (2,2%);
  • Батыс Қазақстан облысы — 21 (2,7%);
  • Павлодар облысы — 15 (6,2%);
  • Ақтөбе облысы — 13 (3,4%);
  • Шымкент қаласы — 10 (1,1%);
  • Шығыс Қазақстан облысы — 8 (4,5%);
  • Атырау облысы — 6 (0.5%);
  • Қызылорда облысы — 5 (1,1%);
  • Алматы облысы — 4 (0.9%);
  • Түркістан облысы — 3 (0.8%);
  • Қостанай облысы — 2 (1.0%);
  • Маңғыстау облысы — 2 (0,6%);
  • Жамбыл облысы — 2 (0,5%);
  • Ақмола облысы — 1 (0,6%).

COVID-19 белгісі жоқ науқастар туралы

Өткен тәулік ішінде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 357 тасымалдаушы тіркеліп, өсім 0,5 процентті құрады. Ал Қазақстан бойынша бұл деңгейдегі науқастар саны – 1 044. Олар коронавирус тасымалдаушы болғанымен, жалпы статистикаға енгізілмейді.

Ең көп жағдай Шымкентте – 75, Батыс Қазақстанда – 57, Нұр-Сұлтанда – 43 және Алматыда – 25 адамда анықталды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы — 141 (+43);
  • Алматы қаласы — 95 (+25);
  • Шымкент қаласы — 131 (+75);
  • Ақмола облысы — 13 (+5);
  • Ақтөбе облысы — 17 (+6);
  • Алматы облысы — 73 (+13);
  • Атырау облысы — 65 (+23);
  • Шығыс Қазақстан облысы — 48 (+17);
  • Жамбыл облысы — 16 (+4);
  • Батыс Қазақстан облысы — 136 (+57);
  • Қарағанды ​​облысы — 102 (+25);
  • Қостанай облысы — 5 (+2);
  • Қызылорда облысы — 48 (+16);
  • Маңғыстау облысы — 71 (+14);
  • Павлодар облысы — 10 (+4);
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 40 (+16);
  • Түркістан облысы — 33 (+12).

Айта кетейік, елімізде індет жұқтырғандардың саны 12 694 адамға жетті. Оның ішінде 7 135 науқас айығып шықса, 53 адам індет салдарынан көз жұмды.



sputniknews.kz