Тәтті тағамдардың миға зиян екені дәлелденді — Қазақстан жаңалықтары

0

Май мен көмірсуларға бай дәмді тағамдарды үнемі тұтынудың миға зиянды әсер етеді. Мұны АҚШ, Австралия және Ұлыбритания ғалымдарының халықаралық тобы дәлелдеп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тәттіБұл жағдайда гиппокамптың қасиеттері адамның салауатты өмір салтына оралуы қиын болатындай өзгеретіні белгілі болды.

Зерттеуге тәжірибеден алдын дұрыс тамақтану рационын ұстанатын 20 жастан асқан 110 ерікті қатысты. Бір апта ішінде еріктілердің бір бөлігі әдеттегі тамақтану рационын ұстанған, ал екінші топ құрамында май мен көмірсуларға, соның ішінде қантқа бай тағамдарды тұтынған. Әрбір ерікті есте сақтау тестінен өткен. Сондай-ақ, олар сынақ барысында тамақтан ләззат алды ма, жоқ па деген сауалға жауап берген.

Сынақ нәтижелері бір апта бойы зиянды тамақтану жадыны нашарлататынын көрсетті. Бұл ретте ғалымдар тамақтануды реттеуде маңызды рөл атқаратын гиппокамптағы өзгерістерді анықтады. Сонымен, қатысушылар бельгиялық вафельдің бір тәрелкесін жегеннен кейін тоқшылықты сезінбеген. Еріктілер зиянды тағамдарды сүйсіне тұтынған, бұл адамдардың одан бас тартуында қиындықтардың пайда болуына әкелген.

stan.kz