«Тараздағы каннибализм». Полиция WhatsApp-хабарламаларға қатысты пікір білдірді — Тосын жай

0

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің өкілдері WhatsApp-та Таразда каннибализм жағдайы болды деген хабарламаларға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«WhatsApp мессенджерінде Жамбыл облысы Тараз қаласында каннибализм жағдайы болды деген видео таралды. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген тексерістен кейін бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жамбыл облысында мұндай жағдайлар болды деген мәлімет расталмады», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты полициядағылар бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған мәлімет таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпталып, екі жылдан бес жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

«Қазіргі уақытта Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер жалған мәлімет таратқандарды анықтап жатыр», — деп хабарлады полициядағылар.