Тараздағы газ өңдеу зауытында жарылыс болды

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

28 0 0

Өртті оннан астам адам жарты сағатта сөндірді, екі жігіт күйіп қалып, ауруханаға жатқызылған

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің Тараз филиалында пешті қосқан кезде газ жарылып, екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі.

«02:27 кезінде П-1 (мұнайды қыздыру пеші — Sputnik) пешін қосқан кезде, мұржадағы газ және ауа қоспасы жарылып, мұнай қалдықтары өртеніп кеткен. Өрт он минутта ауыздықталып, жарты сағатта толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан 31 және 23 жастағы екі жұмысшы зардап шекті», — деп мәлімет берді ТЖ жөніндегі комитет.

  • Газ өңдеу зауытында өрт болды

    Газ өңдеу зауытында өрт болды


    ©
    Foto : предоставлено КЧС МВД РК

  • Газ өңдеу зауытында өрт болды

    Газ өңдеу зауытында өрт болды


    ©
    Foto : предоставлено КЧС МВД РК

1 / 2


©
Foto : предоставлено КЧС МВД РК

Газ өңдеу зауытында өрт болды

Өрт сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері мен мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен алты адам қатысқан.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз