Таразда жас қыз суицид жасамақ болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Бойжеткен құрылысы аяқталмаған ғимараттың басына шығып алып, секірмек болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Таразда өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

Ведомство баспасөз қызметінің әлеуметтік желідегі парақшасында жантүршігерлік оқиғаның видеосы жарияланған.

Құтқарушылар хабарлағандай, 2019 жылдың 15 сәуірінде сағат 17.00 кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел кезекшісі Тараздағы  «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында, Королева көшесінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың жоғарғы қабатынан жас қыздың секіргелі тұрғаны туралы хабар берген.

Оқиға орнына Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілді: 19 адам және 5 техника, оның ішінде психолог та бар.

Ғимарат жанына шұғыл жеткен жеке құрам бірден құтқару қалқасын орнатыпты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі әрі құтқарушы, азаматтық қорғаныс сержанты Азамат Көпбосынов бес қабат биіктікке автобаспалдақпен көтерілді. Ол өз өмірін тәуекел етіп, суицид жасмақ болған жас қызды құтқарып қалған.

Батыс Қазақстанда шенеунік жұмыс орнында өз-өзіне қол салды



sputniknews.kz