Таразда стартаптарға арналған «Тараз hub» IT орталығы ашылды

0
Тараз хаб
Фото: «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Таразда “Тараз hub” IT орталығы ашылды. Бұл – “Тараз” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ мен Benediximus компаниясының бірлескен жобасы. Орталықтың ашылуына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен Taraz Іnvest орталығының басшысы Дамир Егізбаев қатысты.

Тараз хаб
Фото: “Тараз” ӘКК” АҚ баспасөз қызметі

“Тараз hub” IT орталығына стартап компания ашуға ниетті кез келген адам келіп, көмек сұрай алады. Мұнда 20 стартап кәсіпке арналған орын бар. Қазірдің өзінде 8 компания тіркеліп, жұмысын бастап та кеткен. Соның бірі – жақында ғана Қазақстан Президентінің “Алтын сапа” сыйлығы байқауының “Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Novacom Technology ЖШС. Құрылғанына көп бола қоймаған компанияның Taraz Іnvest орталығымен бірлесе орындаған жобалары жетерлік.

Тараз хаб
Фото: “Тараз” ӘКК” АҚ баспасөз қызметі

Жақында Enactus Dulati командасының да тың идеялары мен жарамды жобалары қаржыландырылуы мүмкін. Жас кәсіпкерлердің көмірді алмастыратын және одан сегіз есе арзанға түсетін отын туралы жобасына өңір басшысы қызығып отыр.

Тараз хаб
Фото: “Тараз” ӘКК” АҚ баспасөз қызметі

Ал Intellect soft және Logitech серіктестіктері жаңа компьютерлік бағдарламалар мен софттарды әзірлейді. Орталық бұдан да өзге қызмет түрлері ұсынылады.

Тараз хаб
Фото: “Тараз” ӘКК” АҚ баспасөз қызметі

Мұнда барлық жастағы адамдар IT саласындағы жаңа технологияларды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді үйренеді. Орталық оқытушылардың біліктілігін арттырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берумен де айналысады. Коворкинг аймағында заң және бухгалтерлік салалары бойынша жұмыс орындары ұсынылады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz