Таразда базар өртенді — Аймақ|25 Қараша 2018, 12:18

0

Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласында «Ауыл-Береке» базарында 10 бутик өртенді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабар таратты.

«25 қараша күні 9.13-те өртке қарсы қызмет пультіне Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесіндегі «Ауыл-Береке» базарында өрт болып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Алдын ала есептегенде 700 шаршы метр аумақты құрайтын киім-кешек тауарары бар 9 бутик өртенген. Өрт 9.47-де ауыздықталса, 10.01-де жойылды», — делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті өшіруге Жамбыл облыстық ТЖД жеке құрамының 49 адамы мен 10 бірлік мамандандырылған өрт техникасы тартылды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ