Танымал тележүргізуші жантүршігерлік апаттан ажал құшты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ол көлікпен жылдамдықты асырып, әйелдер арасында рекорд жаңартпақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. «Аңыздарды жойғыштар» (Разрушители легенд) бағдарламасының жүргізушісі – 36 жастағы Джесси Комбс реактивті көлікпен жылдамдық рекордын орнатпақ болып, жантүршігерлік апаттан көз жұмды.

Көлік апаты АҚШ-тың Орегон штатындағы Алворда шөлінде болған, деп хабарлайды ABC7 News.

Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16:00 кезінде болыпты

Тележүргізуші реактивті көліктің рөліне отырып, жылдамдықты сағатына 996 киломтерге жеткізбек болып, апатқа ұшырайды. Тележұлдыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен.

Тағы оқыңыз: Үш адамды әдейі қаққан: министр Алматыдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Марқұмның отбасының Autoblog сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылғандай, әйел 1976 жылы каскадер қыз Китти О’Нил орнатқан құрлықтағы ең жоғары көлік жылдамдығы рекордын жаңартқысы келіпті.

Соңғы рет үш дөңгелекті реактивті көліктің жылдамдығы сағатына 843 километрге дейін жеткізілген екен.

«Аңыздарды жойғыштар» танымал шоуының өкілдері Комбстың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз