танымал спортшылардың онлайн жаттығулары журналистерге қалай көмектеседі  

0

Пандемия кезінде спортшымен сүбелі сұхбат құру мүмкін бе? Белгілі журналист, спорт комментаторы Василий Конов қазіргі жағдайда спорт туралы қалай жазуға болатындығын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазіргі заманғы байланыс құралдарын қолдана отырып, коронавирус кезінде қашықтықтан жұмыс істеу спорт тілшілеріне жұлдызбен байланысты әртараптандыруға және соңғы жаңалықтарды оқырмандарға жеткізуге мүмкіндік береді, деп есептейді ресейлік журналист, тележүргізуші және спорт комментаторы Василий Конов.

«Бүгінде бейнебайланысты қосатын болсаңыз, сөйлесіп жатқан адамыңыз алыста екенін сезінбейсіз. Ол сіздің алдыңызда отырады, сіз оны көресіз. Әлбетте, қазір жұрттың уақыты көп екеніне қарамастан, бәрі бірдей мұндай қарым-қатынас жасауға дайын емес. Барлық жаттығу мен оқу-жаттығу жиындарын тоқтатты, ал үйде тәулік бойы істейтін шаруа жоқ», – деді Конов жұмада SputnikPro журналистеріне арналған арнайы оқу семинарлары жобасының онлайн-сессиясында.

Сондықтан, оның пікірінше, егер корреспондент спортшымен сенімді қарым-қатынаста болса, онда оған хабарласып, байланыс жасаудың тәсілдерін ұсынуға болады.

«Егер өз республикаңызда спортшыны әлеуметтік желідегі тікелей эфирге шақыра алатын болсаңыз, ол да жақсы», – деп түсіндірді Конов.

Үйде оқшауланған спортшылардың барлығы дерлік тікелей трансляция жүргізіп, өз жаттығуларын көрсетіп отырады. Әртүрлі спортшының жаттығуына шолу жасау да қызықты болмақ.

«Осы тақырыпта спортшылардың әлеуметтік желілеріне сілтеме жасай отырып, олардың трансляцияларын арнайы жазуға болады. Осы материалдарға сүйене отырып, өз аудиторияңыздың тарихын айтып беру өте жақсы идея», – деп есептейді Конов.

SputnikPro: сұхбат алу кезінде коронавирусты жұқтырып алмау жолдары айтылды 

Спорттың өзінен басқа, оқырманды әрқашан дұрыс тамақтану, салауатты режим тақырыптары қызықтырады. Тележүргізушінің пікірінше, бұл туралы осы саладағы білікті маман сөйлеуі керек.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпарат ресурстарының аудиториясы айына 60 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik China аккаунты мен Вэйбо жазылушыларының саны 11 миллионнан асты.

Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 22 редакциялық орталықта мыңнан астам адам жұмыс істейді. Sputnik «Россия сегодня» медиатобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз