Танымал әншіге ота жасалды

0

Ресейдің халық әртісі 1 қыркүйек күні ауруханаға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің халық әртісі Александр Розенбаумға Мәскеудегі Герцен атындағы ғылыми-зерттеу онкологиялық институтында ота жасалды, деп хабарлайды «Москва» агенттігі.

БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, әншіге ісікті алып тастау бойынша ота жасалған.


©
Sputnik / Нина Зотина

Ресейдің халық әртісі Александр Розенбаум

Розенбаум 1 қыркүйек күні омыртқа дорсопатиясы диагнозымен ауруханаға түскен.

2018 жылдың жазында Иосиф Кобзон Розенбаумның онкологиялық клиникада ем алып жатқанын хабарлаған болатын. Алайда әртіс бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото

Александр Розенбаум — Ресейдің халық әртісі, бірқатар ән авторы. Сондай-ақ, «Не хлебом единым», «Чтобы выжить» және «Афганский излом» фильмдеріне түсті.



sputniknews.kz