Танымал әнші сахнадан кетуге мәжбүр болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

https://sputniknews.kz/images/978/50/9785078.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/world/20200201/12718284/Tanymal-anshi-sakhna.html

Әртістің сахнадан уақытша кету туралы шешімі былтыр көктемде жол апатынан алған жарақатымен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Әнші МакSим (Марина Абросимова) денсаулығына байланысты сахнадан уақытша кетуге бел байлады. Бұл туралы орындаушының менеджері Маргарита Соколова әлеуметтік желіде хабарлады.

Әртістің өкілі әншінің тыңдармандарынан жоспарланған шаралардың өтпеуіне байланысты кешірім сұрады.

«Сіздерден түсіністік танытып, әртіске құрметпен қарауды өтінемін», – деп жазды Маргарита Соколова.

Әншінің сахнадан уақытша кету туралы шешімі былтыр жол апатынан алған жарақатымен байланысты.

Соколова жақын арада МакSим «Преданным» атты жаңа туындысын таныстыратынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Әнші сахнада ән айтып тұрған кезде көз жұмды

2019 жылдың сәуірінде МакSим шетелде жол апатына түсті. Әртіс мінген көліктің дөңгелегі жарылып, жыраға аударылған. Салдарынан әнші жарақат алды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз