Танымал әнші COVID-19 індетіне қарсы күреске миллион доллар берді

0

COVID-19 коронавирусын емдеу әдістері мен диагностикасына 60 миллион долларға жуық қаражат жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Танымал эстрада әншісі Мадонна жаңа коронавирустық инфекцияның емін іздеу мақсатында құрылған Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорына 1 миллион доллар берді, деп хабарлайды Sputnik Радиосы.

«Бұл ақша қордың тікелей өзіне емес, Gates Philanthropy Partners серіктестері басқаратын COVID-19 қорына түседі», – деді ұйым өкілдері.  

Ал әнші өзінің веб-сайтында COVID-19 індетін алдын-алуға және оны емдеуге арналған дәрі-дәрмек табуға әрекеттенген Bill & Melinda Gates Foundation қорын барынша қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол дәрігерлер мен ғалымдарға және алғаш көмек көрсететін мамандарға зор ризашылық білдіреді.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды

Айта кетейік, бұған дейін Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қоры COVID-19  коронавирусының таралуына қарсы тұру үшін 100 миллион долларға дейін қаражат бөлетіні белгілі болған. Қор өкілдерінің айтуынша, COVID-19 коронавирусын емдеу әдістері мен диагностикасына және жаңа вакцина түрін дайындауға әрі тестілеуді жылдамдатуға 60 миллион долларға жуық қаражат жұмсалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асады, ал оның 50 мыңнан астамы құрбан болған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз