Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы комаға түсірді – оқиғаның мән-жайы

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ауруханаға ауыр хәлде түскен сегіз жасар бала бірнеше тәулік бойы комада жатты, жағдайы әлі де ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Талдықорған дәрігерлері 33 жастағы ер адам айуандықпен ұрып-соққан баланы комадан шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 сәуірде полицияға облыстық балалар ауруханасына соққыға жығылған бала жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Ауруханаға түскен кезде, бала комада болған. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды.

«Бала жексенбі күні комамен түсіп, екі тәулік бойы жасанды тыныс алдырту аппаратымен жатты. Сейсенбі күні ғана есін жиды. Таңертең миына компьютерлік томография жасалды. Денесінде жарақаты көп, миына зақым келген, қан құйылған, травматикалық шок. Оған интенсивті терапия жасалды», – деді облыстық балалар ауруханасының директоры Марат Досқалиев.

Қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр, деп жалғастырды ол. Бірақ дәрігерлер оң өзгеріс байқап отыр: бала өзі демалады, есін жиды.

Тағы оқыңыз: Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

«Қазір сөйлейді, тамақ ішеді, қимылдайды. Өте ауыр жарақат алды, сондықтан әзірге жансақтау бөлімінде жатыр. Дүйсенбіге дейін бақылаймыз, егер беті бері қараса, хирургия бөлімшесіне ауыстырамыз», – деп нақтылады Досқалиев.

Баланы анасының 33 жастағы сүйіктісі ұрған. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ер адам баланы соққыға жыққан кезде қатты мас болған. Күдікті өгей ұлына тәрбиелеу мақсатында қол көтергенін айтып ақталды.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. 1987 жылғы күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында. Сот-медициналық сараптама белгіленді», – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Алматыда өгей әке ұрып тастаған 2 жасар бала көз жұмды

Бұл бап бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаға ұстатарлық оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қала тұрғындары арасында үлкен резонанс туғызды. Желі қолданушылары құқық қорғаушылардан істі жіті тергеп, ұлын өгей әкесінен қорғай алмаған ананы да жауапқа тартуды талап етіп отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз