Талдықорғанда мас бұзақы көшеде оқ жаудырды – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Кеше түнде Талдықорған дәмханаларының біріне жақын маңда қырық бес жастағы ер адам жарақат алды, полиция күдіктіні ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 31 қазан – Sputnik. Талдықорған полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінің жанында жергілікті тұрғынды травматикалық қарумен жарақаттаған 42 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

31 қазанға қараған түні қалалық полицияға 3-шағын аудандағы дәмхананың жанында атыс болғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адамның оқ жарақатын алғанын анықтады. Зардап шегуші Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді.

Көп ұзамай полицейлер көрші үйлердің бірінде тұратын күдіктіні анықтап, оны полицияға жеткізді. Ұсталған кезде ол мас болған.

Ойын-сауық мекемесінде жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Соңында олардың бірі көшеде қарсыласына бірнеше рет тапаншадан оқ атқан.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі атыстың видеосы жарияланды 

Күдіктіден табылған қару газ-жарақат салатын тапанша болып шықты. Өзінің айтуынша, тапаншаны бұған дейін қоқыс контейнерінен тауып алып, үйінде сақтаған көрінеді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігіне (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) сәйкес жүргізіліп жатыр», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Қажетті сараптама тағайындалды. Қазір ұсталған адам қамауда отыр.



sputniknews.kz