Талдықорғанда есірткі сатушы қолға түсті

0

Талдықорған, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының 47 жастағы тұрғынының үйінен саудалау мақсатында әзірлеп қойған «кептірілген марихуанна» есірткі заты табылды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Допинг» шарасы барысында 47 жастағы азаматтың үйінен 125 грамм есірткі заты табылды. Оны өзгелерге сату мақсатында дайындағаны анықталды. Есірткі тәркіленді және бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 297 бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді сақшылар.

Сонымен қатар, аталған шара кезінде бір күн ішінде полицейлер есірткі заттарын заңсыз сақтаудың бірнеше дерегін анықтады. Қаратал ауданында 50 жастағы азаматтан 2 килограммнан 700 грамм есірткі тәркіленіп, оған қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдарын басталды.

Ал, Панфилов ауданының 68 жастағы тұрғыны үш жарым килограммға жуық есірткі құралдарын үйінде заңсыз сақтағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазасын алатын болады. Ал, Іле ауданының тәртіп сақшылары 41 жастағы тұрғынның үйінен 5 граммға жуық марихуанна есірткісін тауып, оны мекенжайын өзгертпеу және келу туралы міндеттемемен жіберді.

Айта кетейік, ведомство таратқан ақпарат бойынша биыл Алматы облысының полицейлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеп, оны жойған. Оның ішінде 1 килограммнан астам героин және 14 кг гашиш есірткі заты да бар.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз