Талдықорғанда 23 жастағы жүкті әйелде коронавирус расталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында коронавирус тағы 8 адамнан анықталды. Оның бесеуі Талдықорған қаласында, үшеуі Алакөлде тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Апта бойынша жүктілік күнтізбесі: жүктілік қалай өтеді

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990 жылы туған азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал 1997 жылғы жүкті әйелде профилактикалық тексеру кезінде коронавирус анықталды. Әйел жүктіліктің 29-шы аптасында.

Науқастардың барлығы оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

14 мамырда алғаш рет коронавирус тіркелген Талдықорғанда вирус жұқтырғандар саны 83-ке жетті.

stan.kz