«Таирға ғашық болмаған қыз жоқ еді!»: Айкерім Қалаубаева көз жұмған «Астана Опера» театрының жетекші солисін еске алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Санаулы сағат бұрын бақилық болған «Астана Опера» театрының жетекші солисі Таир Гатауовты өнердегі достары егіле еске алуда. 36 жасында өмірден озған талант туралы Айкерім Қалаубаева тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 


«Алматы хореография училищесінде бірге оқығанбыз! Таир бір сынып жоғары оқыды. 10 жасымыздан таныспыз. Интернатта бірге өстік. Осы күнге дейін өте жақын араластық! Еңбекқор, ақылды, көпшіл оқушылардың алды болатын! Өте сүйкімді жігіт еді. Оқушы кезімізде Таирға ғашық болмаған қыз жоқ еді… Талай бірге дуэт биледік. Ол өте талантты, нағыз балеттің жұлдызы еді. Осы салада көптеген жетістіктерге жетті! Өте жақын дос едік… Жас кетті…», — дейді Айкерім Қалаубаева. 

Орны толмас қаза Қалаубаеваға да оңай тимеген. Айкерімнің айтуынша, әріптесі Таир Гатауов жол апатынан қайтыс болыпты. 

«Достарымен қаланың сыртына демалысқа шыққан. Қайтып келе жатып апатқа ұшыраған», — дейді Қалаубаева. 

Естеріңізге сала кетейік, балет өнерінің шебері Таир Гатауов туралы қаралы хабар бүгін ғаламторда тараған еді. Марқұманың артында қос қызы қалды. «Астана опера» инстаграмдағы парақшасында солистің отбасына көңіл айтып, еңбек сіңірген әртістің өмірден озуы орны толмас қаза екенін жазды. 

https://www.youtube.com/watch?v=3jM1VFsNI0E

stan.kz