Таиландта суға батып кеткен қазақстандық туристің денесі өртеледі

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сыртқы істер министрлігі қаза болған қазақстандық зейнеткердің күйеуі мәйітті елге әкелмеу туралы шешім қабылдағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Таиландта көз жұмған 78 жастағы қазақстандық әйелдің отбасы сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін әйелдің денесін кремациялауға шешім қабылдады. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді 

«Бұл қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болды. Біздің 78 жастағы азаматымыз Паттайя провинциясындағы жағажайда суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел суға кету салдарынан көз жұмған, бірақ біз медициналық сойып тексерудің нәтижесін әлі күтіп отырмыз», — деді Смадияров.

Консул әйелдің күйеуі мәйітті Таиландта өртеу жөнінде шешім қабылдағанын, содан кейін күлі Қазақстанға жеткізілетінін айтты.



sputniknews.kz