Тағы бір балуан қыз әлем чемпионатында қола алды

0
Тағы бір балуан қыз әлем чемпионатында қола алды


Бухарест қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова қола жүлдегер атанды.

ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мәлім еткеніндей, Жәмила 72 кг салмақта үздік үштікке ілікті. Жәмила Бақбергенова жарыс барысында Жапония және АҚШ балуандарын тізе бүктіргенімен, жартылай финалда түрік спортшысына жол берді. Дегенмен қола жүлде үшін бәсекеде үндістандық қарсыласын 11:0 есебімен ойсырата ұтты.

Бұл – Қазақстан құрамасы қоржынындағы бесінші қола медаль. Оның екеуін грек-рим күресі шеберлері жеңіп алса, үшеуі балуан қыздарымыздың үлесінде. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандық балуан қыздың әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз. Жексенбі күні мәреге жететін әлем чемпионатының соңғы медальдарын еркін

Дереккөз: ҚазАқпарат

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз