Тағы 88 адам індетті жұқтырды

0

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 1179 адамға жетті.  14 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 88 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

«Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 4 адам, Шымкент қаласы – 1, Атырау облысы – 1, Түркістан облысы — 3, Қарағанды облысы – 1», — делінген хабарламада. ⠀

Осылайша коронавирус жұқтырғандардың саны 1179 адамға жетті:  

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 264,
  • Алматы қаласы – 346,
  • Шымкент қаласы – 38,
  • Ақмола облысы – 73,
  • Ақтөбе облысы – 11,
  • Алматы облысы – 22,
  • Атырау облысы – 63,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,
  • Жамбыл облысы – 49,
  • Батыс Қазақстан облысы – 11,
  • Қарағанды облысы – 78,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Қызылорда облысы – 119,
  • Маңғыстау облысы – 10,
  • Павлодар облысы – 10,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
  • Түркістан облысы – 47.

Соңғы мәлімет бойынша 14 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты.

 



sputniknews.kz