Тағы 465 адам коронавирус індетімен ауырды, 883 тасымалдаушы тіркелді

0

Қазақстанда өткен тәулікте 465 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 19750.

2020 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді.

Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда — 13560.

Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны — 12220.