Сұлулық байқауы жеңімпазының жансыз денесі табылды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

61 0 0

Мексикада «Мисс Уругвай» сұлулық байқауының жеңімпазы көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. 2006 жылы өткен «Мисс Уругвай» байқауының жеңімпазы Фатими Давиланың жансыз денесі Мехико қонақ үйлерінің бірінде табылды, деп хабарлайды Universal порталы. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, 31 жастағы Фатимидің денесі қонақ үйдің жуынатын бөлмесінде табылған. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Мехико прокуратурасы шетел азаматының өлімін растады. Фатими Мехикоға 23 сәуір күні жұмысқа орналасу үшін келген. «Мисс Уругвай» байқауындағы жеңісінен кейін ол модель болып қызмет атқарыпты.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда полицейлер Фатими өз-өзіне қол салды деген болжамды да жоққа шығармайды.

Мексикада шетелдік модельдердің өлімі соңғы жылдары жиілеп кеткен. 2018 жылы  ел астанасының маңында азаптап өлтірілген тағы бір модельдің денесі табылды. Ол Венесуэла азаматы болатын. 2017 жылдың желтоқсан айында аргентиналық қыз өлтірілді. Бұған дейін Нуэво-Леон штатында шетелдік модельді атап тастаған болатын.



sputniknews.kz