Сүйінші: Қуандық Рахым үйленеді – Қазақстан жаңалықтары

0

Жуырда ғана «Үйленемін» деп ән салған Қуандықтың да бойдақтықпен қоштасатын күні алыс емес. Ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын Stan.kz тілшісі анықтауға тырысты.

Тек қазақ қызына үйленемін деп осыдан біраз уақыт бұрын сұхбат берген әнші өзінің сүйіктісін кездестірген. Болашақ жары да өнерден алыс емес.

Есімі – Гаухар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Гаухар мен Қуандық алғаш дуэт ретінде «Бірге болайық» әнін шырқап шыққан еді. Алайда, жұлдызды дуэттің ғұмыры ұзаққа бармай, жолдары екі бөлінген. Араға бірнеше жыл салып, қайтадан бірге ән сала бастады. Бірігуге себеп – арадағы жалындаған махаббат екен. Дәл қазір екі жас дуэт болып, Қазақстан бойынша гастролдік тур жасап жүр.

Әншінің өзіне қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтауға тырысқан едік.

«Әзірге жеке өміріме қатысты ештеңе айтқым келмейді.Уақыты келгенде білесіздер», – деп қысқа қайырды.

Айтпақшы, жуырда Қуандық Рахымды тек әнші емес, актер ретінде де көріп қалуларыңыз әбден мүмкін. Өйткені, әншінің продюсері Жанна Абуова кино түсіруге білек түріп кіріскен.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз