сүйіктісі тастап кеткен жігіттің өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жігіт журналистерге берген сұқбатында өзінің ұтысын баспана алуға жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Австралияның Мельбурн қаласының тұрғыны 800 мың австралиялық доллар (1 австралиялық доллар — 269 теңге) ұтып алды, деп хабарлайды Daily Mail. Бұл қуаныштан бірер минут бұрын жігітті сүйіктісі тастап кеткен.

Ер адам казинода Мельбурн кубогындағы ат жарысты тамашалап отырған. Қызы дәл осы жерде жанжал шығарып, кетіп бара жатқанда, жігіттің қомақты сома ұтып алғаны белгілі болыпты. Бастапқыда жігіт жеңімпаз екенін түсінбеген. Бірақ өзінің аккаунтарын тексеріп, бұған көз жеткізіпті.

Жеңімпаз ақшаны баспана алуға жұмсайтынын айтып отыр.

Тағы оқыңыз: Қостанай облысының тұрғыны қомақты ақша ұтып алып, «жоғалып» кетті  

Қазан айында қазақстандықтың Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алғаны хабарланған болатын. Алайда ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмаған еді.



sputniknews.kz