Суданда мыңдаған адам президент отставкасын талап етті

0

7 сәуірде Суданда мыңдаған азамат Судан әскерінің штаб-пәтері алдына жиналып, әскерилерді өздерін қолдауға шақырды. Наразылардың президент Омар әл-Баширдің отставкасын талап етіп, көшеге шыққанына екі күн болған. Еуропа одағы соңғы екі күнде “бұрын-соңды болып көрмеген” көп адамның жиналып, өзгерісті талап еткенін мәлімдеді.

“Судан халқы ұзақ жылдар бойы түрлі қиындықтар алдында таңғаларлықтай жігер көрсетті” деп мәлімдеді Еуропа одағының сыртқы қимылдар бойынша қызметі 7 сәуірде. “Үкімет нақты қадамдар жасай отырып, олардың сенімін ақтауы тиіс” делінген мәлімдемеде.

Ел президенті Омар әл-Башир бұған дейін отставкаға кетуден бас тартып, егер қарсыластары билікке келгісі келсе, сайлау арқылы келуі тиіс деп мәлімдеген. Суданда Башир және оның ұлттық конгрес партиясына қарсы наразылық шаралары 19 желтоқсаннан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Полиция наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ, патрондар қолданған. Наразылық шарасы басталғалы бері ондаған адам көз жұмған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз