Спортшылар мен жаттықтырушылар онлайн сабақ өткізеді

0

Жаттығулардан кейін кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың назарына отандық спортшылармен сұхбат ұсынылады

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушылар карантин кезінде онлайн сабақ өткізеді. Сабақ мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитетінің және «Сарыарқа» велотрегінің Instagram парақшасында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кестеде гимнастика, бокс, еркін күрес және басқа да спорт түрі бар.

«Біз қазақстандықтарға таңғы сегізден бастап жаттығуға қатысуды ұсынамыз. Бұған дейін мұндай жаттығуды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Бақытжан Қожабеков, джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева жүргізді», — деді спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар көрсетілген парақшалардан 30-31 наурызда сағат 14.00-де дұрыс тамақтану мен тоғызқұмалақ тарихын тыңдауға болады.

Ал сәуірдің басынан бастап қазақ күресі, бокс, велоспорттан сабақтар, коньки спорты мен паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту туралы дәрістер, таэквондо және еркін күрестен сабақтар онлайн түрде өткізіледі.

Жаттығулардан кейін кешкі сағат 18:00-де қазақстандықтардың назарына отандық спортшылармен сұхбат ұсынылады.

Оқи отырыңыз: 6 сәуірден бастап оқушылар cабақты 30 минуттан оқиды 

Мотивациялық табыс жолымен Серік Сәпиев, Василий Левит, Гузель Манюрова бөліседі. Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі әрі жаттықтырушысы Байтақ Тұрсынбаев сұрақтарға жауап береді.

Онлайн жаттығулар кестесі

Сонымен қатар Алматы қаласының спорт басқармасы карантин кезінде спортпен шұғылдану үшін онлайн жаттығулар кестесін әзірледі. Жаттығуды жоғары дәрежелі мамандар Instagram парақшаларында көрсетеді.

Дүйсенбіде сағат 10.00-10.30 арасында @rovald парақшасында спорттық би, @tulapin парақшасында жеңіл атлетшілердің жаттығулары көрсетіледі.

11.00-11.15 арасында @armyzoj парақшасында фитнес көрсетілсе, сағат 14.00-15.00 аралығында бір сағат @qaz_cheerkz парақшасында черлидинг көруге болады. Кешкі 18.00-18.30 арасында @1kamosya парақшасын қарап, көркем гимнастикамен айналысуға болады.

Сейсенбіде сағат 14.00-14.30 аралығында @kasyanov.aleksandr парақшасында жеңіл атлетшілердің жаттығулары, 14.00-15.00 арасында @vozduhstudio.kz йога, @ijru_jumpropekz парақшасында джамп роуп және роуп скиппинг тамашалауға болады. Кешкі төрт пен бес арасында спорттық мажореттер @asiamajorettesports парақшасында көрсетіледі. Сағат 18.00-де көркем гимнастика@1kamosya парақашсында көрсетіледі, жаттығу жарты сағатқа жалғасады.

Сәрсенбіде спорттық би таңғы онда @irinacherepanskaya парақшасында басталады, жаттығу жарты сағатқа жалғасады. @serechshev_ifbb pro парақшасында бодибилдинг 11.00-11.30 аралығында көрсетіледі.

12.00-12.30 аралығында @kurbanova_a_d джиу-джитсудың қыр-сырын көрсетсе, 14.00-15.00 арасында черлидинг @qaz_cheerkz парақшасында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Бейсенбіде 14.00-15.00 арасында @ijru_jumpropekz джамп роуп және роуп скиппингтен сабақ өтсе, кешкі алтыда көркем гимнастикадан @1kamosya парақшасында көрсетіледі, жаттығу жарты сағатқа жалғасады. @asiamajorettesports парақшасында 16.00-17.00 арасында спорттық мажореттерді тамашалауға болады.

Жұмада спорттық би @Sergeybubnov парақшасында сағат онда басталады, ал 11-де бодибилдингтен жаттығу түрлерін @serechshev_ifbbpro көрсетеді. 14.00-де черлидинг @qaz_cheerkz парақшасында көрсетіледі, ал кешкі алтыда көркем гимнастикадан @1kamosya жаттығу сабақтарын өткізеді.

Сенбіде 11.00-де жеңіл атлетикадан жаттығу түрлерін @molzhan4ik көрсетеді, ал 16.00-де @asiamajorettesports парақшасынан спорттық мажореттер тамашалай аласыздар. 18.00-де @1kamosya сілтемесі арқылы көркем гимнастикадан тікелей эфирге шығады.

Коронавирус эпидемиясы

16 наурызда елімізде төтенше жағдай енгізілді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, республикада коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті. 20 адам аурудан айықты, бір адам қайтыс болды.

 



sputniknews.kz