Сотталғандар туыстарымен қашан кездесе алады — министр жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифинг барысында сотталғандарға туыстарымен қашан көрісуге болатындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түрме

«Шынымен де, карантин талаптарына байланысты барлық кездесулерге тыйым салынды. Дегенмен, біз телефонмен сөйлесулер санын арттырдық. Заттар, сонымен қатар азық-түлік берулеріне шектеу қоймадық. Бірақ, карантин шаралары аяқталғаннан кейін барлық туған-туыстарын сотталғандармен жүздесуге рұқсат береміз», — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Министр әзірге сотталушыларға туыстарымен кездесуге рұқсат беруге әлі ерте екендігін айтты.

«Әзірше індеттің таралу қаупі бар. Оның үстіне, колонияда сотталғандар бір-біріне жақын жүреді. Бас бостандығынан айыру орындарында вирус таралып кетпеуі үшін карантин ережелерін қатаң сақтаймыз. Сондықтан, әзірше карантинді ұстап тұрамыз. Санитарлық дәрігердің ұсынымымен жүздеулерге қайта рұқсат беретін боламыз», — деді ол.

stan.kz