Сот саласы цифрландырылады | «Айқын» газеті

0

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы, Мәжілістің Заңнама және құқықтық-сот реформалары жөніндегі комитет төрағасы, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бағытында дөңгелек үстел өтті. Жиын Ұлт жоспары – Бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» шеңберінде ұйымдастырылып отыр. 

Елбасының бастамасын іске асырылып жатқан сот саласындағы реформалардың нәтижесі мен келер жылы атқарылар жұ­мыстар сараланды. Құқықтық кеңестің төрағасы Нұрлан Әбдіров соттардың қыз­метін, судьялардың жұмысын оңтай­лан­дыруға қатысты іске асқан жобалар жө­нінде баяндады. «Елбасының Ұлт жос­пары бағдарламасына сәйкес, азаматтардың құқығын қорғау бағытында бірқатар тап­сырмалар жүктеді.
«Бәрінен бұрын, жаңартылған заң­намалар қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететін болады. Әділдік нақ сотта салтанат құратыны белгілі. Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық мәселе – сапалы судьялар корпусын жа­сақтау. Судьялыққа кандидаттарды ірік­теудің қатаң тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң тұр­ғысынан қарас­тырылған. Сот төрелігін үлкен өмірлік тә­жірибесі бар және жоғары моральдық ұста­нымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайын­далған кәсіби шеберлер жүзеге асыру­лары тиіс» деп тапсырма берген болатын.
Осының нәтижесінде, соттардың қыз­метін оңтайландыру бағытында кешенді жұмыстар істедік. Сотқа дейін татуласу ар­қылы мәселені дау-дамайсыз шешу, тарап­тар­ды ортақ мәмілеге келтіру бағытында медиация әдісін енгіздік. Соны­мен қатар судья лауазымына білікті кадр­ларды іріктеу, олардың жұмысын электронды жүйеге көшу арқылы оңтайландыру, аза­маттардың арыз-шағымын қарау мерзімін қысқартуда нәти­желі жұмыстар іске асты. Соның арқа­сында шағымданушылардың қатары азай­ды. Құқық қорғау жүйесін ре­фор­малауға қатыс­ты жергілікті полиция қызметін құру, «Қыл­мыс­тық құқықбұзу­шылық» карта­сының пор­талы құрылды. Бас бостан­ды­ғы­нан айырылған азамат­тарды қоғамға қайта бейімдеу бағытында кешенді бағдар­ла­малар жүзеге асты», – деді Нұрлан Әбдіров.
Сот жұмысын оңтайландыру нәтиже­сінде, биыл республика бойынша 25 Сотқа дейінгі татуластыру орталығы ашылған. Сондай-ақ облыс және ірі қалаларда фронт-кеңселерді ашу арқылы мәселені дау-дамайсыз шешуге қол жеткізген. Ұзын­сонар салалық терминдерге толы азамат­тарға түсініксіз мәтіндерден арылған.
Азаматтар сот процесіне қатысты анық, айқын, тек сол проблемаға қатысты мәтін­ді дұрыс жаза білуге машықтанған. Құ­қығын қорғау үшін арыз-шағымын тиісті органдарға электронды түрде жолдауға, нәтижесі туралы пошта немесе SMS ха­барлама арқылы ақпарат біліп отыруға мүмкіндік жасалған. Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, құқық қорғау органдары қыз­меткерлерінің біліктілігін арттыру, жаңа технология тиімді қолдануға бағытталған жұмыстар болашақта да кезең-кезеңімен жүзеге аса бермек.

 

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз