Солтүстік Қазақстанда Ресейден келген 4 азаматтан коронавирус анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған бес адамның төртеуі — Ресейден келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Вирус жұқтырғандар вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары

COVID-19 вирусын жұқтырған 29, 36, 48 жастағы ер азаматтар. Олар Рессейдің Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істеген Қазақстандық азаматтар болып шықты. Ал коронавирус анықталған төртінші науқас Рессейдің Рубцовск қаласынан келген 32 жастағы жұк тасымалдаушы екен. 

Науқастарда бастапқыда клиникалық белгілер байқала қоймаған. Алайда стационарға жатқызылып, COVID-19-ға тексерілгеннен кейін, сараптама оң нәтиже көрсеткен. 

Ал коронавирус анықталған бесінші адам осыған дейін ауру жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болған. ПЦР талдау нәтижелері бойынша коронавирустық инфекция 1988 жылы туған ер адамда расталды. 

COVID-19-ға оң нәтижелер алғаннан кейін науқастар Петропавлдағы қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Қазір эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

31 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 59 адамға жетті.

stan.kz