«Сол жерді 10 рет тексерді»: Ерікті Атырауда бір жарым жастағы баланың денесін тапқан орын туралы – Қазақстан жаңалықтары

0

Атыраудағы жоғалып кеткен бір жарым жастағы баланың денесі табылған кәріз құдығы бірнеше рет тексерілген. Бұл туралы атыраулық ерікті Олжас Сұлтанов Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

септик

Волонтер атап өткендей, септик бұрын қолданылмаған және жабық болған.

«Құрметті достар! Өкінішке қарай, баланың денесі ескі септиктен табылды. Неліктен ертерек таба алмағандары туралы көптеген сұрақтар туындады. Мен мына жерге келгенде септик толық жабық болды. Бұған дейін жігіттер оны бірнеше рет тексерді. Менің ойымша, оның ішінде баланың денесі болса, судың бетіне шығатын еді. Септик бастапқыда жабық болғандықтан, оған күдік түскен жоқ. Мен келгенге дейін ол жерді 10 рет ашып-жапқан екен. Бұған дейін тіпті су сору жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ештеңе табылған жоқ. Одан кейінде волонтерлер келіп, бәрін тесерді. Ағашты да салып көрді. Бастапқыда, шыны керек, эмоция болды, тез-тез ана жерді-мына жерді тексеріңдер деп жүрдік, барлық жерді асығыс іздедік: әр аула, әр көше, әр жердегі септиктерді. Сосын бәрін асықпай тексерейік, қайта қарайықшы деген ұсыныс болды. Қоқыстың бәрін шығардық, соның астынан табылды» –  деді Олжас.

Оның айтуынша, септиктен 5 бөшке қоқыс шығарылған.

«Ересек адамның денесі ғана қалқып, баланың денесі тереңдей түседі екен. Баланы осындай күйде көру өте ауыр болды», – дейді ерікті.

Эфир соңында Олжас барлық қазақстандықтардан баланы уақытында таба алмағандығы үшін кешірім сұрады.

Бұған дейін Атырауда 1,5 жастағы баланың жоғалып кеткені хабарланды. Әли 20 мамыр күні шамамен 13.30-да үйден шығып, оралмаған.

Жоғалған баланы іздеуге жүзден астам полицей, 50 әскери қызметші, ТЖД-нің 16 қызметкері және 400-ге жуық ерікті қатысты. Сонымен қатар, 20-дан астам автотехника, үш дрон, екі қызметтік ит жұмылдырылды.

Ал 22 мамырда баланың денесі үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз