Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

0

1942 жылы қаза болған Өмірзақ Қазанғаповтың сүйегін ресейлік іздеу отряды Смоленск облысының аумағынан тапты

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық солдаттың сүйегін табыстау өтті.

Соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

Сарбаздың мәйітін 2019 жылы Смоленск облысы Тёмкин ауданының аумағынан ресейлік «Кобальт» іздеу отрядының жауынгерлері тапқан болатын. Оның жеке деректері қасында сақталған жауынгер медальонынан анықталды – Өмірзақ Қазанғапов, 1904 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

«РФ қорғаныс министрлігінің мұрағаттық ақпарына сәйкес, ол 1942 жылы 14 тамызда 120-шы жеке атқыштар бригадасының құрамында Ржев-Сычевка шабуыл операциясының барысында мерт болған», – деп хабарлады Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Деректер сәйкестендірілгеннен кейін «Кобальт» іздеу отрядының командирі Иван Зобнин өзінің қазақстандық серіктесі – павлодарлық «Майдан Жолы» іздеу отрядының командирі Александр Шитовпен байланысқан. Оның көмегімен Өмірзақ Қазанғаповтың туыстары табылды. Енді елшіліктің жәрдемімен жауынгердің сүйегін отанына жеткізіп, құрметпен қайта жерлеу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз