Шымкенттің сәулет басқармасының басшысы ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кісен

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Ол 2019 жылдың ақпан айынан бастап тамыз айына дейін мердігермен алдын ала келісім бойынша адамдар тобында әрекет ете отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеледі, ол қаражатты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша мердігерге сәулет және қала құрылысы саласында одан әрі пайдалануға жарамсыз топографиялық түсірілім үшін аударып отырған», — делінген хабарламада.

9 маусымда ол ұсталып, Шымкент полиция бөлімінің уақытша тергеу изоляторына қамалды.

stan.kz