Шымкенттегі жаңадан коронавирус жұқтырған адамдар туралы не белгілі — Қазақстан жаңалықтары

0

Таңертеңгі жағдай бойынша елде коронавирусты жұқтырудың 32 жаңа жағдайы анықталды, оның төртеуі Шымкент қаласында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бәрі коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынған. Нәтижесінде COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін Шымкентте коронавирус жұқтырған 27 адам анықталды.

 

 

stan.kz