Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт көз жұмды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Марқұмның ағасы көз жұмған жігіттің басына шлакоблокпен соққы жасалғанын айтады. Сондай-ақ, саусақтарында тырнақ болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында төбелес салдарынан ауыр жарақат алған 17 жастағы Абзал Ұтқыров (Уткуров) ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, колледж студенті 23 мамырда түнгі сағат 01:55-те Түркістан облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел-жәрдеммен ауыр халде жеткізілген. Аурухана дәрігерлері медициналық тексеріс өткізіп, науқастың бас миына қан кеткені анықталды. Сол кезде оған бірден ота жасалды. Дәрігерер декомпрессивті трепанацияны жасап шыққан.

«Науқасқа алған жарақатына және жағдайының ауырлығына байланысты қажетті ем жансақтау бөлімінде көрсетілді. Өкінішке орай, ол 1-ші маусымда түнгі сағат 23:45-те көз жұмды», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Айта кетейік, оқиға 22 мамырда Шымкенттің шетіндегі Маятас ауылында болған. Абзал Ұтқыров екі жолдасымен көшеде келе жатқанда алдарынан бір топ жігіт шығады. Бұған дейін өз араларында текетірес болғандықтан, олардың барлығы үш жігітке жабылып соққыға жығады. Сол кезде Абзал ауыр жарақат алады.

Марқұмның ағасы Алмас Ұтқыровтың айтуынша, Абзалдың басына шлакоблокпен соққы жасалған. Сондай-ақ, саусақтарында тырнақ болмаған. Қазіргі кезде жаппай төбелес бойынша 15 адамнан жауап алынып жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 17 оқушы ұсталып, екеуі қамауға алынды

Абзал колледжде аспазшы мамандығы бойынша оқыған. Армияға баруды армандаған екен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз