Шымкентте пәтерлерден су сорғалап, көшелерді шайып кетті – видео  

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Шымкентте нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды.

Жексенбі күні «Нұрсәт» шағын ауданындағы үйлердің бірінің сегізінші және тоғызыншы қабаттарындағы пәтерлерді су басты. Су шатырдан құйылып, люстра арқылы сорғалаған, деп жазды Otyrar.

Су басқан пәтерлердің көбісінің иелері туыстарының үйінде түнеп шығуға бел буыпты.  

«Қайда жататыныңды білмейсің. Бірде-бір құрғақ төсек қалмады. Ертең жиналып, не істейтінімізді ақылдасамыз «, — дейді «Нұрсәт» шағын ауданының тұрғыны.  

Сондай-ақ нөсерден тұрмыстық техника дүкені зардап шекті.

Әлеуметтік желіде таралған видеода қызметкерлер қымбат тұрмыстық техникаларды судан қалқалап жатқаны көрінеді.

Тіпті, дәмханадан да су саулап, көшелерді шайып кеткен. 

Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте дүйсенбі күні де жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз