Шымкентте өзіне қол салмақ болған 17 жастағы қыз пойыз рельсіне жатып алды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Полицейлер төтенше жағдай талаптарының орындалуын бақылау кезінде теміржолға жатып алған қызды байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Шымкент полицейлері пойыз астына түспек болған 17 жастағы қызды құтқарды.

Оқиға 26 наурыз күні сағат 18:15-де болған, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулердің орындалуын бақылау барысында алыстан келе жатқан пойыздың рельсіне жатып алған қызды байқайды.

Полицейлер ойланбастан 17 жастағы қызды құтқаруға ұмтылған.

Тағы оқыңыз: Тоғызыншы сынып оқушысы 50 жастағы адамға тұрмысқа шықпау үшін өзіне қол салды

Полиция қызметкерлері жасөспірімді бөлімшеге жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қыз қателігін түсінді.

Осыдан кейін полицейлер оны ата-анасына тапсырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз