Шымкентте оқушы сабаққа тапаншамен келді

0

Баладан ата-анасының көзінше жауап алынды. Жасөспірім қаруды сыныптасынан алғанын айтты. Тексеріс жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Шымкентте 9- сынып оқушысы сабаққа тапанша алып келді. Бұл фактіні ювеналды полиция рейд кезінде анықтаған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Әл-фараби ауданы ювеналды полиция басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әлиевтің айтуынша, 25 -30 қараша аралығында қалада рейд жүргізілген.

«Шара кезінде 25 қараша күні оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр «, — деді ол.



sputniknews.kz