Шымкентте дәріханалардың біріне шабуыл жасалды

0

Шымкентте дәріханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға желтоқсанның 15-нен 16-на қараған түні болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: cg.oblast.online

Көрнекі фото: cg.oblast.online

Белгісіз бетперде киген екі тұлға дәріхананың кіре берісі арқылы баса көктеп кірген.

Қара киініп алған екеу бірден фармацевттен кассадағы бар ақшаны беруді талап еткен. Қарақшылардан қашып үлгірген дәріхана қызметкері полицияға хабар берген.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәілметінше, полицейлер дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған қаскүнемдерді ұстаған.

«Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер қарақшылық шабуылға тағы екі тұлғаның қатысы барын анықтады», — дейді баспасөз қызметі.