Шымкентте дәрігерлерді көшеге тұрғызып қойған басшы жазаланады

0

Түркістан облысының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері дәрігерлерді акцияға қатыстырғаны үшін жазаланады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, – деп хабарлайды Elitar.kz.

«Дәрігерлерді осындай қиын уақытта жұмыс уақытында мазалау қылмыстық озбырлық деп санаймын. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң ол жауапкершілікке тартылады», – деп уәде берді Қалқаманов.

Еске салайық, мұның алдында Желіде Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтуға жолдың бойына шыққан дәрігерлердің видеосы тараған. Көптеген желі қолданушысы акцияның орынсыз екенін және «қорлау» екенін жазған болатын.

Кейінірек Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шымкенттік дәрігерлер түскен видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз