Шымкентте базар өртеніп кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте «Бекжан» базарындағы автовокзал өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

базар

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімеді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек қызыл алау аяқ киім сататын дүңгіршікте сағат 15:13 шамасында пайда болған. 

«Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат сағат 15:40 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда», — делінген ресми хабарламада.

Атап кетерлік жайт, бұл базар бірінші рет өртеніп тұрған жоқ. Бұған дейін мұнда орналасқан сауда орталығын тілсіз жаудың құрсауында қалып, бірнеше азамат қаза тапқан еді. 



stan.kz