Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зардап шегуші қатты есеңгіреп қалғандықтан, бастапқыда ол қылмыс фактілерін жоққа шығарып, ештеңе айтпаған

АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Шымкентте 26 мамыр күні екі баланың анасына қатысты қорқынышты қылмыс жасалды. Кешкі уақытта әлдекімдер үйінің маңында әйелге шабуыл жасаған. Болжам бойынша оны зорлап, өлтірмек болған. Бұл жайында «Не молчи » қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қатты ұрып-соғып, целлофан пакетімен қылқындырған. Мойнында буындырудан қалған із анық көрініп тұр. Әйелдің тістері мен жағы үш жерден сынған. Қыбырғалары сынып, миы қатты шайқалған. Қылмыскерлер оны есінен танғанша қинап, өлді деп ойлап, үстін бұтақпен жауып кетіп қалған», – деп жазды Таңсәрі.

Әйел аман қалып, таңғы жетіде есін жиып, үйіне жеткен.

Дина Таңсәрінің айтуынша, күйеуі мен балалары оны көрген сәтте есеңгіреп қалған, себебі ол адам танымастай зәбір көрген.

«Жәбірленушінің зәбір көргені сондай, күйеуі егер ол қайтыс болса, оны тек денесіндегі қалы мен киімінен ғана тануға болатынын айтты. Ал зардап шегуші қатты есеңгіреп қалған, бастапқыда ол қылмыс фактілерін жоққа шығарып, ештеңе айтпады. Қазірдің өзінде ештеңе айтпай отыр», – деп жазды «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі.

Айтуынша, іс Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтің жеке бақылауына алынды. Алайда полиция департаменті басқа ешқандай ақпарат бермей отыр.

Сонымен қатар осы жағдайды адам құқықтары жөніндегі омбудсмен Эльвира Әзімова мен денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева өз бақылауына алды.

Оқи отырыңыз: «Ұруға болады»: бірнеше әйел алғысы келетін оқытушы мәлімдемесі желіні шулатты

Әйелге операция жасалады. Отбасы істері комитетінің қолдауымен психологтардың көмегі ұйымдастырылды, деп толықтырды Таңсәрі.



sputniknews.kz